×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Пайдасыз топ-менеджерлер: «Бәйтерек» холдингінің басшылығы қысқарады

18.05.2022, 16:14
Ulysmedia.kz

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі топ-менеджерлер санын қысқартады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен директорлар кеңесінің отырысында бекітілген.

«Отырыс барысында Кеңес мүшелері Холдингтің Жарғысына енгізілетін өзгерістерді қарастырып, 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілікті алдын ала бекітті. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Холдинг Басқармасының құрамы 7 адамнан 5 адамға оңтайландырылды. Басқарушы директорлар лауазымдарын атқаратын Басқарма мүшелерінің екі адам қысқартылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ отырыста 2022 жылдың бірінші тоқсаны бойынша тәуекелдер жөніндегі есебі, Ішкі аудит қызметінің есебі, 2021 жылы Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есебі бекітілді.