×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Досаев Тоқаевқа есеп берді

18.05.2022, 17:14
Ақорда

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономикалық жағдайы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасынан кейінгі қала экономикасының өсу қарқыны екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді деп болжанып отыр. Зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 97 пайызы қаңтар оқиғасынан кейін жұмысына қайта кіріскен.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, маусым аралығында ерте пісетін көкөністер жеткізіледі. Ал тұрақтандыру қоры 11-ден 15 милиард теңгеге дейін көбейген.

Қала әкімі Президентке Алматының 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын басымдықтар ұсынды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалада құрылыстың тығыз болуына жол бермеу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты. Мемлекет басшысына Алматыдағы нөсер жауынға арналған кәріз жүйесін жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелері таныстырылды.

Еске салайық, өткен аптада нөсер жаңбыр салдарынан Алматыны су басқан болатын.