Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған.
«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.
Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
Айта кетсек, бұдан бұрын елімізде Ресейден астық әкелуге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған.
Біз сайт жұмысын жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты қолдануды жалғастыру арқылы сіз құпиялылық
туралы шарттарымызбен келісетініңізді білдіресіз.