×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Шымкентте қамаудағы күдікті суицид жасады

19.05.2022, 09:45
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікті суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 1962 жылы туған ер адам өзіне қол жұмсау кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалмау үшін көрпемен бүркенген.

Мекеме қызметкерлері жедел жәрдем бригадасын шақырды. Алайда көп қан жоғалтқандықтан күдікті олар келгенге дейін көз жұмды.

Ведомство оқиға 20 сәуірде болғанын атап өтті. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид түнгі уақытта жасалған.

Аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бірқатар қызметкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады департаменттегілер.