×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қара алтын қайта қымбаттады

30.03.2023, 17:23
фото: ашық дереккөзден

30 наурызда Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 78,83 долларға дейін 0,55 долларға (0,7%) қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Bloomberg дерегінше, қара алтынның қымбаттауына АҚШ-тағы мұнай қорының төмендеуіне, доллардың әлсіреуіне және тәуекелді активтерге сұраныстың өсуі себеп.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстерінің 0,66 доллар (0,9%) немесе барреліне 73,63 долларға дейін өсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 71 доллардан төмендеп, 2021 жылдың соңынан бергі ең төмен деңгейге дейін құлдыраған.

Серіктес жаңалықтары