×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Бестөбедегі шахтаның 1000-нан астам кеншісі жұмыстан шығарылмақ

30.03.2023, 18:25
Фото: Ашық дереккөз

29 наурызда Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасының мыңнан астам жұмысшысы қысқарту туралы хабарлама алды, деп мәлімдейді Ulysmedia.kz.

Компания хабарламаны 1013 адам алғанын алға тартады, ал жұмысшылардың өздері айтқандай, кәсіпорынның 1200 қызметкері осындай хабарлама алған.

"Сіздің атқаратын лауазымыңыз/кәсібіңіз бір айдан кейін қысқартылады. Еңбек шарты бұзылған кезде сізге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, жұмысынан айырылу салдарына байланысты орташа айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді", - делінген кеншілерге келген хабарламада.

Бір күн бұрын кәсіпорын жұмысшылары шахтада қалып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, онда шахтаны іске қосу мәселесі шешілгенше ереуілді жалғастыратындарын жариялаған. Жұмысшылар Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өздеріне келуін талап етті.

"Мыңнан астам адам жұмыссыз, күнкөріссіз қалды. Көбісі СМС-хабарлама алған соң ауырып қалды. Біз енді ештеңеден тайынбаймыз. Президент, премьер-министр және облыс әкімі жағдайға байланысты оң шешім қабылдағанын қалаймыз", - дейді зауыт жұмысшылары.

Ал, Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында жұмыссыз тұрғындар ереуілдерін жалғастыруда, олар аштық жариялады.

Серіктес жаңалықтары