×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Нұр-Сұлтандағы Беларусь елшілігіне жарылғыш зат туралы хабарлама келді

01.10.2021, 23:25
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігінің электронды  поштасына белгісіз біреулер хат жолдап, ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жалған хабарлама екенін мәлімдеді.

«Елшілік аумағынан жарылғыш зат табылған жоқ. аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жарылғыш зат туралы жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары