×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ердоған Тоқаевқа тағы алғыс айтты

30.03.2023, 19:19
Фото: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның атынан алғыс хат келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өз хатында Президент Режеп Тайып Ердоған түрік халқының атынан және жеке өзінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияның Кахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор шығын әкелген жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтқаны үшін және бауырлас елге көрсетілген шұғыл көмекке ризашылығын білдірді.

"Табиғи апат кезінде дос елдердің ынтымақтастығы бізге барлық қиындықтарға төтеп беруге күш береді. Қазақстанның көмегі жер сілкінісінің ауыр зардаптарымен күресуде халқымызға үлкен қолдау болды. Біз құтқару шаралары кезіндегі Қазақстанның жәрдемін ризашылықпен еске аламыз. Үйінділер астында қалған адамдарды құтқаруда жанкештілік пен батылдық танытқан іздеу тобына ізгі ілтипатымызды жеткіземіз», - делінген хатта.

Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша дос және бауырлас Қазақстан халқына амандық пен өркендеу тілейді.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға көмектесу үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға қосымша гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшқан болатын.

14 ақпанда Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды.

Серіктес жаңалықтары