Форт-Шевченконың орталық жағалауынан итбалық өлекселері тағы да табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жергілікті тұрғын Ғалияның айтуынша, 18 мамырда Форт-Шевченко жағалауында баламен серуендеп жүрген кезде 2 өлі итбалықты байқаған.
"Әрі қарай жүрсе, тағы да өлі итбалықтар болуы мүмкін, өйткені алыстан құстар бірдеңе шұқып жатқанын көрдім", - дейді Ғалия.
Түпқараған аудандық әкімдігінің қызметкері қазір өлі итбалықтарды жинау және өлім себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Айта кетейік, Форт-Шевченко теңіз портының жағалау аймағында Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері 64 өлі итбалық пен 5 өлі бекіре тұқымдас балықты тапқан болатын.