×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Петропавлдың бір топ тұрғыны Қазақстаннан бөлініп, «тәуелсіздігін жариялады»

31.03.2023, 07:23
Петропавлдың бір топ тұрғыны Қазақстаннан бөлініп, «тәуелсіздігін жариялады»
Фото: Скриншот

"Өздерін Петропавл тұрғындарымыз" деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде 19 адамнан тұратын адамның жиналыс өткізіп жатқан видеосы тарады.

«Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына, сонымен қатар, оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшысы мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз халық, өз тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз», - дейді қатысушылар әлеуметтік желілерде тараған бейнеде.

Жиналғандар өзін «Ұлы отан соғысында жеңіп шыққан батырлардың ұрпағымыз» деп атайды.

ҚазТАГ агенттігі СҚО полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, видеода отырған кісілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.