×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Алматыда 5 жасар қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

19.05.2022, 13:49
Pixabay

Алматы облысының Сарқан ауданында қоқыстан табылған баланың анасы ұсталды. Қазір ол күдікті ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоқыстан мүрдесі табылған 2017 жылғы қыз баланың анасының айтуынша, баласы сал ауруына шалдыққан және ақыл-есі кем болған.

«Баланың анасы 19 жаста. Оның айтуынша, қызы ауырып, көз жұмған. Олар ағасы екеуі келісіп, қаланың маңына жерлемек болған. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 99 бабы, «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір аталған іс Алматы облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында.