×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Google Ресейдегі кеңсесін жапты

19.05.2022, 15:29
Фото: Ашық дереккөзден

Әйткенмен компания тегін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін беруді жалғастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шоттарды бұғаттау IT алыбына Ресей аумағында өз функцияларын орындауға енді мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ ресейлік кеңсе қызметкерлерінің жалақысын сақтау да мүмкін емес.

«Google Russia банк шотының бұғатталуы біздің ресейлік кеңсенің жұмысын, соның ішінде Ресейде қызметкерлерді ұстауды және еңбек ақысын төлеуді, жеткізушілер мен мердігерлерге ақы төлеуді және басқа да қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік бермейді», - делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен бірге, Google Ресейдегі еншілес мекемесінің өз банкроттығын бастау ниетіне қарамастан, Ресей Федерациясынан келген пайдаланушыларға тегін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін беруді жалғастырады. Яғни «іздеу», YouTube, Gmail, «Карталар» және Google Play қызметтері өшпейді.