×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады

31.03.2023, 09:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 18,6%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 28 наурыз/:

Айран 2,5% – 390 тг/л
Қырыққабат – 118 тг/кг
Сары май – 3602 тг/кг

Еске салайық, кеше Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлеген президент Үкіметке инфляцияны кемінде екі есе төмендетуді тапсырды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елімізде  инфляция қарқыны үдеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы қаңтарда елдегі жылдық инфляция 20,7%-ды (2022 жылғы желтоқсанда – 20,3%) құрады. Өңірлер бойынша 19 облыста инфляция үдеп, тек 1 облыста ғана (Қарағанды ​​облысы) бәсеңдеген.

Қазақстанда бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер құны 15% өсті.

Серіктес жаңалықтары