×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Тоқаев отандық бизнес өкілдерін Ақордаға жинады

19.05.2022, 18:02
Ақорда

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездеседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл шараға президент әкімшілігі мен үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған.

Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайды.