×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Солтүстік Корея КВИ-ді «безгек» деп атап, бір тәулікте оны 262 мың адам жұқтырғанын жариялады

20.05.2022, 09:58
Фото: Ашық дереккөзден

Солтүстік Кореяда 24 сағат ішінде 262 270 мың адам «безгекпен» ауырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда 24 сағат ішінде 262 270 мың адам «безгекпен» ауырды. КХДР кәсіпорындары медициналық заттарды, сондай-ақ дәстүрлі Корей медицинасы құралдарын өндіруді ұлғайтты. Солтүстік Корея басшысының бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектерді дәріханаларға таратуға әскери қызметкерлер тартылды. Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты тексеруге және анықтауға арналған жабдықтардың жетіспеуіне байланысты КХДР билігі COVID-19 жұқтырған адамдарды «безгегі бар» деп атайды.

КХДР билігі аптаның басында Air Koryo авиакомпаниясының үш ұшағын Қытайға коронавирустың өршуі кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қажетті медициналық заттарды тасымалдау үшін жіберді. Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, тиелген жүктің салмағы 150 тонна. Ұшақтар таңертең Ляонин провинциясының Шэньян әуежайына келіп, сол күні КХДР-ға оралды.