×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

GAP қаржы пирамидасының тағы бір «филиалы» анықталды

20.05.2022, 13:26
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі GAP тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының тағы бір «филиалын» анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“GAP тұтыну кооперативіне қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша аумақтық департаменті тергеп жатыр”, – деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы БҚО аумағында активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржы пирамидасы құрылған.

“14 азаматқа келтірілген шығын көлемі шамамен 15 миллион теңге болды, – деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі тағы да азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды.

Бұған дейін GAP қаржы пирамидасының Қостанай, Шымкент және Ақтөбедегі бөлімшелері жабылған болатын.