×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Еурокомиссия Украинаға 600 миллион еуро аударды

20.05.2022, 17:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Украина макроқаржылық көмек ретінде Еуропалық одақтан тағы 600 миллион еуро алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүгін біз Украинаға 600 миллион еуро көлемінде макроқаржылық көмектің жаңа траншын бөлдік", – деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.

19 мамырда АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакеті аясында 18 гаубиц пен 3 контрбатареялық радар жеткізетінін мәлімдеді. Бұл пакет бойынша құны 100 миллион доллар болатын қару-жарақ жеткізіледі. 

Бұған дейін G7 елдері Украинаға Ресеймен арадағы соғыс салдарынан келген шығынды өтеу үшін 15 миллиард доллардан астам қаражат бөлетінін жариялады.

Бұл шешім G7 елдерінің қаржы министрлері мен Германияның орталық банктері басшылығының кездесуінде қабылданды.