×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Солтүстік Кореяда «безгек» жұқтырғандар саны бір тәулікте 263 мыңға жетті

21.05.2022, 09:31
Фото: Ашық дереккөзден

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Солтүстік Кореяда ресми билікпен «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері бар науқастардың саны өсіп бара жатқанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Кореяда тәулігіне 263 мың жаңа жағдай анықталды. Екі адам қайтыс болды, деп хабарлады Кореяның орталық телеграф агенттігі. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 2,241 миллионға жетті, 65 адам қайтыс болды. Жалпы жағдайлардың 1,5 миллионға жуығы аурудан айықты, тағы 754,8 мыңы емін жалғастыруда.

Жаздың аптап ыстығы адамдардың коронавирусқа деген осалдығына әкелуі мүмкін, өйткені қызып кету дененің қорғаныс функциясының төмендеуіне әкеледі. Сарапшылардың айтуынша, жазда жоғары температураның әсерінен адамның иммунитеті төмендейді және ол әртүрлі қолайсыз әсерлерге бейім болады.

«Бұл ретте коронавирустың маусымдылығы жоқ. Өткен жылдардың тәжірибесінен біз жазда адамдардың белсенді ауырғанын байқадық», - дейді олар.