×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Финляндия жақын арада НАТО-ға мүше болады

01.04.2023, 13:23
Ашық дереккөз

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндияның алдағы күндері ресми түрде Солтүстік Атлантикалық альянстың бір бөлігі болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

31 наурызда түрік парламенті Финляндияның НАТО-ға қосылуын мақұлдады, осыған байланысты Столтенберг НАТО-ға мүше 30 елдің барлығы қосылу хаттамасын ратификациялады деп мәлімдеді.

«Финляндия таяу күндері біздің одаққа ресми түрде қосылады», - деп қосты ол.

НАТО Бас хатшысы сонымен бірге НАТО штаб-пәтерінде Финляндия туын көтеруді асыға күтетінін айтты.

Столтенберг әлеуметтік желілерде: «Біз бірге күштірек боламыз және қауіпсіздігіміз арта түседі» деп жазды.

Еске салайық, Финляндия мен Швеция Украинадағы соғыс басталғаннан кейін НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдаған болатын. Түркия Финляндия мен Швецияны күрд топтарын қолдады деп айыптап, келіссөздердің басталуына тосқауыл қойды, бірақ маусым айының соңына қарай тараптар консенсусқа келе алды.

27 наурызда Венгрия парламенті Финляндияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіруін мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары