×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бізде билік пен әкімшілік ресурс жоқ, бірақ халықтың сенімі бар - Инга Иманбьай

01.04.2023, 10:35
Бізде билік пен әкімшілік ресурс жоқ, бірақ халықтың сенімі бар - Инга Иманбьай
Ашық дереккөз

Алматыда өтіп жатқан Халық парламенті жиынында Инга Иманбай бірнеше мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 "Иә бізде билік пен әкімшілік ресурс жоқ, бірақ бізде халықтың сенімі бар" деді журналист. 

Инга Иманбай, сонымен қатар Жанболат Мамайдың таяуда соты аяқталатынын атап өтті.

«Олар заңсыз қудаланып, түрмеге қамалды. Қазір үйқамақта отыр» деді ол.

Журналистің пайымынша, Қанат Нұрпейісов, Қосай Махамбаев, Ермек Нарымбай, Данат Намазбай бен Марғұлан Боранбайдың мәселелерін көтеру керек. Одан бөлек есімі елге бейтаныс біршама адамдар темір торда отырғанын жеткізді.

«Осы азаматтарға қорған болуымыз керек. Осында жиналған азаматтардың, шыншылдығының негізгі барометрі – дәл осы саяси тұтқындарға араша болу», - деді Инга Иманбай.

Бүгін Алматыда сайлаудан кейін құрылған “Халық парламентінің” жиыны өтіп жатыр. Оған сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтқан белсенділер мен журналистер Рысбек Сәрсенбей, Лұқпан Ахмедияров, Инга Иманбай, Мұхтар Тайжан, Санжар Боқаев, Арайлым Назарова және өзге кандидаттар қатысуда.