×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Алматыда түрмеде жазасын өтеп жатқан адам 3 жыл бойы интернет алаяқтықпен айналысқан

01.04.2023, 14:05
Ашық дереккөз

Алматы облысының прокуратурасы сотталған адамның №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде интернет-алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн. теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.

Бұл дерек 02.03.2023 жылы мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4 – тармағының 190-бабы 3-бөлігі - “алаяқтық” бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.

Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталғаннн Ж.А.Ш.-дан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап-арна желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.

Серіктес жаңалықтары