×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Азаматтардың банкроттыққа өтініші неге қабылданбай жатыр - министрлік жауабы

01.04.2023, 16:25
Азаматтардың банкроттыққа өтініші неге қабылданбай жатыр - министрлік жауабы
Ашық дереккөз

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қазақстандықтардың соттан тыс банкроттық рәсімінен бас тартуының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

3 наурыздан азаматтардың банкроттыққа арыздарын қабылдау басталды. 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардан 34 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам өтінішті тексеру аяқталды. Тексеру қорытындысы бойынша 7 мыңнан астам өтініш беруші 1414 сервисі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартты.

Ержан Біржанов азаматтардың банкроттығынан бас тартуына негіз болған 6 себепті атап өтті:

  1. Кредиттік бюроның мәліметі бойынша 6713 тұлғада 12 ай ішінде берешекті ішінара өтеуі бар немесе берешек сомасы 1600 АЕК-тен асады;
  2. Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігі 1846 тұлға бойынша 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алушы екендігін растаған жоқ;
  3. 1463 тұлға жұбайының болу фактісін көрсетпеді, сәйкесінше олардан рәсімді қолдануға келісім алған жоқ;
  4. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 1349 тұлғада меншік құқықығында жылжымайтын мүлік бар;
  5. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес 941 азаматта жер учаскілері бар;
  6. 789 азаматтарға автокөлік тіркелген (Ішкі істер министрлігі мәліметі).

“Осындай, рәсімді қолданудан бас тарту туралы Хабарламаны алған жағдайда соттан тыс банкроттықтың негіздеріне сәйкес келгенде арызды қайтадан 3 айдан кейін беруге болады”, – деді вице-министр.

Сонымен қатар, ол бас тарту себептерін жою үшін қазақстандықтарға тиісті уәкілетті органдарға жүгінуді ұсынды:

  1. кредиттің сомасы, оны өтеу мерзімдері бойынша – тиісті банкке, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлік агенттікке;
  2. мүліктің бар болуы, заңды тұлғаларда қатысу бойынша – Әділет органдарына (ХҚКО, Электрондық Үкімет порталы);
  3. автокөлік бойынша – Ішкі істер бөлімдерінің аумақтық бөлімшелеріне немесе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (бар болған жағдайда);
  4. жер учаскілері, ауыл шаруашылық жануарлары және арнайы техника бойынша – жергілікті акиматқа;
  5. жеке кәсіпкерліктің болуы бойынша – Мемлекеттік кірістер органдарының аудандық бөлімшелеріне.

“Егер де борышкерге мүліктің болуы себебінен соттан тыс рәсімінен бас тартылған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуге болады”, – деп қосты Ержан Біржанов.