×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ресей Джо Байденнің елге кіруіне тыйым салды

22.05.2022, 13:54
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ресей сыртқы істер министрлігі елге кіруіне тыйым салынған АҚШ азаматтарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Онда 963 адамның аты-жөні жазылған. Ресей СІМ-нің пікірінше, бұл адамдар "русофобияны қоздырып отырғандар".

Тізімде АҚШ президенті Джо Байден, вице-президент Камала Харрис және өзге де қоғам қайраткерлері бар. Тізімге танымал актер Морган Фриман да енген. Ресей билігінің хабарламасында оның 2017 жылы қыркүйекте видеомәлімдеме жасап, "Ресейді АҚШ-қа қарсы астыртын әрекет етті" деп айыптағаны жазылған.

Санкция тізімінде АҚШ сенатының ондаған өкілі және өкілдер палатасының 400-ден астам мүшесі де бар. Олар бұған дейін Ресейге санкция салуды қолдаған. Тізімде сонымен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Байден әкімшілігінің бірнеше өкілі, оның ішінде, қорғаныс министрі Ллойд Остин, орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс те бар. Ресейде "экстремистік корпорация" деп танылған Meta жетекшісі Марк Цукербергке де тыйым салынған.

Айта кетейік, 2022 жылы ақпан айының соңында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін АҚШ Мәскеуге санкциясын ұлғайтқан. Санкцияға ілінгендер арасында Ресей президенті Владимир Путин және Ресей билігінің өзге де жоғары лауазымды тұлғалары бар.