×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Алматы облысында екі ауыл су астында қалды

23.05.2022, 09:11
видеодан алынған кадр

Толассыз жауған жауын салдарынан Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы екі ауылды су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауылдарды су басқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан көше мен жеке үйлер аумағын су шайып кеткенін көруге болады. Анықталғандай видео Байғазы мен Қоғалы ауылдарында түсірілген.

"Байғазы өзенінде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы салдарынан Байғазы ауылындағы бір көшені басты. Ауыл тұрғындарының бау-бақшасы мен жеке тұрғын үйлер ауласы су астанда қалды. Сондай-ақ Қоғалы ауылында жауын салдарынан беткейлік ағын пайда болып, үш көше мен бір үйдің аумағын су басты. Қазір су деңгейі төмендеді. Құрбандар, зардап шеккендер мен ғимараттардың бұзылуы тіркелген жоқ. Ауданда жағдай тұрақты", – деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. 

Ведомстводағылар оқиға орнына ТЖД қызметкерлері аттанғанын мәлімдеді.