×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

«Оңай емес»: Рахымбаев қазақ тілін үйреніп жүр

23.05.2022, 13:32
фото: әлеуметтік желіден

Белгілі кәсіпкер, BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев қазақ тілін үйренуді қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

“Ал енді міне “Бісміллә” деп қазақ тілін үйренуді бастап кеттік, екі апта болды, оқып жатқан мәтіндер қиындау, әдеби тілмен жазылған, әрине оңай емес... Кейде сөз жетпей, ойымдағыны айта алмай, мұғаліммен күліп аламыз”, – деп жазды миллиардер. 

Айдын Рахымбаев ана тілін жетік білмеу себебін туып-өскен ортасында қазақ тілінің кең қолданыста болмауымен түсіндірді. 

“Өзім Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Казнаковка ауылында туып, сол жақта орыс мектебін бітіріп, орыстардың арасында өскенмін. Достарым да, жан-жағымдағы адамдар да бәрі орысша болды. Бірақ қазақ тілін үйреніп, сөйлеуге деген ниет әрқашан болатын”, – дейді ол. 

Ағылшын тілін 45 жасында үйреніп алғанын тілге тиек еткен Айдын Рахымбаев қазақ тілінде де еркін сөйлеп кете алатынына сендірді.