×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Биыл техникалық мамандықтарға қанша грант бөлінетіні белгілі болды

24.05.2022, 13:28
фото: ашық дереккөзден

2022-2023 оқу жылында мемлекеттік білім тапсырысының көлемі 88 мыңнан асып түспек. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Бакалавриатқа - 73 мың, магистратураға - 33 мыңнан астам және докторантураға - 1890 грант бөлінеді. Биыл 42 мыңнан астам мемлекеттік грант немесе 60 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталады. Сонымен қатар 10 мың грант Атырау мен Маңғыстау облыстарының тығыз орналасқан елдімекендерінің жастарына қарастырылып отыр. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді. Одан бөлек, 490 грант шетел азаматтарына беріледі. Оның ішінде 150 грант Орталық Азия елдерінің азаматтарына арналады және 100 грант Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің түлектеріне қаралған», - деді ол.