×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Украинадағы соғыс: ЮНИСЕФ қаза тапқан балалар санын жариялады

04.04.2023, 08:02
Twitter

Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық әрекеттерінен 501 бала қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры Кэтрин Рассел хабарлады.

Оның сөзінше, қаза тапқан балалардың нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

“Нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін және зардап шеккен отбасылар үшін қазаның ауырлығын елестету мүмкін емес. Бұл Украинаның балалары мен отбасылары үшін тағы бір қайғылы кезең", — деп атап өтті Кэтрин Рассел.

Еске салайық, бұдан бұрын Украина президенті  Владимир Зеленский ресейлік әскер бір айға жуық бейбіт тұрғындарды кепілде ұстаған мектепке барған.

Серіктес жаңалықтары