×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Көкшетауда оқушы қыз өзі оқитын мектепті жарып жібергісі келген

25.05.2022, 12:07
фото: ашық дереккөзден

Кеше Көкшетаудағы мектептердің бірінен жарылғыш зат табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақмола облыстық ПД сілтеме жасап. 

 

 

№2 мектеп-лицейінің қызметкері нысанның ескі ғимаратында екінші қабаттағы терезенің алдынан күдікті затты байқап, дереу полицияға хабар берген.

Қалалық білім бөлімінің дерегінше, табылған зат сымдары бар темір қалбыр, яғни қолдан жасалған жарылғышқа ұқсайды. Оқиға орнына жеткен полицейлер мен арнайы мамандар, оны сыртқа алып шығып, мектеп ауласында жару жайлы шешім қабылдайды. Абырой болғанда, сол уақытта білім ошағында оқушылар болмаған. Ал мұғалімдер мен қызметкерлер дереу қауіпсіз жерге шығарылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, жарылғыш затты мектептегі оқушы қыздардың бірі әзірлеген. Алдын ала ақпарат бойынша ол бұны аталған білім ошағында оқығысы келмегені үшін жасаған.