×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады

25.05.2022, 18:05
фото: ашық дереккөзден

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен күштік құрылым қызметкерлеріне тіркелген автокөліктер еліміздегі ақылы жолдарда тегін жүре алады. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына осындай норма енген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Ақылы жолдармен тегін жүру нормасы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және қызметін атқарып жүрген күш құрылым қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерді қамтиды. Елімізде ардагерлер саны жыл сайын азайып келеді. Біз оларға теңестірілгендер санатын да қарастырып отырмыз. Қазіргі кезде тиісті есептеулер жүріп жатыр», - деді Мәжілісте журналистер сауалына жауап берген А. Рау. 

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының 4 кодексі және 16 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, аталмыш заң жобасында рейсі кешіккен әуе компанияларды жолаушыларға өтемақы төлеуге міндеттейтін норма бар.