2022 жылы елімізде 157,1 мың тонна жылқы еті өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық.
Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті.
Мәселен, өткен жылдың 12 айында 3,6 мың тонна жылқы еті әкелінсе, 2021 жылы 2,4 мың тонна импортталған.
Осылайша, өсім - 50,2 пайызға жетті.