×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері шаруаларға бөлінген 50 млн теңгені жымқырған

26.05.2022, 11:06
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы облысының Антикоррупциялық қызметіне сілтеме жасап. 

«Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыздық анықталды. Олар қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласып, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған. Күдіктілер ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізбек болған. Осы дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді»,  – деп мәлімдеді ведомстводан.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.