×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Экономист рубль мен теңге неліктен күшейіп жатқанын түсіндірді

26.05.2022, 11:38
Фото: Ашық дереккөзден

Экономист Сапарбай Жобаев рубль мен теңге доллардың қалыпты бағамымен салыстырғанда неліктен күшейіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Экономист әлеуметтік желіге жазғандай, мәселе рубльге сұраныстың артуында. Біріншіден, Ресей экспорты өсіп жатыр. Мұнай, газ бағасы жоғары. Екіншіден, импорт едәуір азайды. Дамыған мемлекеттер Ресейге қондырғы, көлік, тауарларын, қызметтер бермей қойды.

«Ай соңы, ширек соңында есеп берумен бірге салық, дивидендтер төлеу үшін және рубль керек. Ресейліктерге Европа, АҚШ жабық. Ұшақпен де бара алмайды, және долларға сұраныс азайды. Әкімшілік шектеулер де бар. Осылардың бәрі Төлем балансының Ағымдағы шотын профицит етіп тұр. Яғни, рубльді күшейтуде», - дейді ол.

Оның жазуынша, доллардың әлсіреуі Ресей үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз.

«Ол экспортты ынталандырмайды», - дейді ол.