×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Такси операторлары жүргізушілерге әлеуметтік аударымдарды аударуға міндеттелмек

26.05.2022, 13:30
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда әртүрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін такси жүргізушілерін әлеуметтік қорғау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Біз платформа операторларымен мәселені талқылап жатырмыз. Ресейде қазірдің өзінде пилотты жоба басталған екен. Платформа операторлары сонда жұмыс істей бастады. Бәлкім, Яндекс өзінің такси жүргізушілері үшін әлеуметтік аударымдарды аударып жатқан да шығар. Бұл қаражат, қызметкерлердің бағдарлама операторларына төлеген төлемдері есебінен жүзеге асып отыр», — деді Тамара Дүйсенова Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалдарына берген жауабында.

Оның айтуынша, мұндай бағдарлама Корея мен Қытайда бар.

«Еуропа қазірдің өзінде бастап кетті. Сондықтан біз такси операторларымен кездесіп, бұл туралы сөйлесе бастадық. Ортақ тоқтамға келген кезде сіздерге хабарлаймыз. Жалпы, бұл жұмыс іске асырылады, өйткені әрбір жұмыс істейтін адам бір такси жүргізушісін алайық, ол кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін. Онда оған жәрдемақыны кім төлейді? Жабдық – бұл техника, ол үнемі жолда, адам жазатайым оқиғаға тап болса, мүгедек болып қалады, өйткені оған Әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төленбейді. Сондықтан біз операторлармен әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылауымыз керек», - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.