×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Биыл кімдердің жалақысы артатыны белгілі болды

26.05.2022, 16:24
фото: ашық дереккөзден

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы уақытта кімдердің жалақысы артатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бағдарламаның маңызды бөлігі жаңа экономикалық өсімге арналған. Азаматтардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау, сондай-ақ жаңа дағдылар мен кәсіпке жұмылдыратын жанама іс-қимылдар қамтылған. 1,1 млн-нан астам жұмысшының еңбекақысын көтеру ескерілген, оның ішінде бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерінің лауазымдық айлық ақысы артады. Дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі», деді Е.Тоғжанов «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыруды талқылау кезінде.

Сонымен қатар ол биыл сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының 258 мың өндірістік персоналының жалақысы 5-тен 48 пайызға дейін көтерілгенін айтты. Бұл ретте жалақысы төмен қызметтерге басымдық берілді.

«Қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірістерін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Жыл соңына дейін тағы 4 компанияда өндірістік персонал жалақысы 5-тен 18 пайызға дейін өседі», деді Үкімет басшысының орынбасары.