Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 1. Сондай-ақ өткен бір тәулікте елімізде 7 адам аталған індеттен жазылып шықты: Алматы қаласында - 5, Қостанай облысында – 1, Павлодар облысында - 1.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1 305 732 жағдайы тіркелді.
Соның ішінде 1 291 975 науқас сауықты.