×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Бағдат Мусин шетелге кетіп жатқан жастарды қолдайтынын айтты

28.05.2022, 11:48
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізден шетелге кетіп жатқан жастарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жуырда журналистер менен шетелдік ірі команияларда жұмыс істеуге кетіп жатқан жастарымыз туралы ойымды сұрады. Мен оларды қолдаймын! Бұл ретте Үндістан мен Қытайды мысалға келтіруге болады – бұл елдердің мыңдаған жас азаматтары Штаттарда және басқа мемлекеттерде жұмыс істейді. Солардың кейбіреуі мықты компанияларды басқарып отыр. Әлемдегі ірі компаниялардың басшылығында кезінде өз елінен кеткен кісілер жүр. Мұндай үрдістің нәтижесі қандай? Бұл кісілер қазір өз отанына инвестиция құюда, өзі жұмыс істейтін компаниялардың өкілдіктерін ашып, туған елдерін дамытуға үлкен үлесін қосып жатыр»,-деп жазды Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол Қазақстаннан да шетел асып, ірі компанияларда жұмыс істеп жатқан жастар жетерлік, олар да өз еліне жаны ашып, қолдау көрсетіп жатыр – қажетті кеңес беру, маңызды адамдармен таныстыру, кейде тіпті ірі компаниялармен меморандум жасауға атсалысып жүр. Мысалы, Binance Earn компаниясындағы Business Development director қызметіндегі @Рауан Сагидулла ЦДИАӨМ вице-министрі @Жаслан Мадиев бастаған әріптестеріммен бірге әлемдік криптобиржа лидері Чанпэн Чжаоның Қазақстанға сапарын ұйымдастырып, меморандумға қол қоюға жол ашты.

«Баршаңызға ел болашағы үшін жасаған осындай еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын, ал халықаралық компанияларға орналасып жатқан және шетелдік ЖОО-да білім алып жүрген отандастарыма сәттілік тілеймін! Қазақстандықтардың өз еліне деген ыстық ықыласына күмәнім жоқ, сондықтан олар міндетті түрде туған жердің игілігі үшін қызмет етіп, алдағы уақытта елге оралатындарына сенімдімін!»,-дейді министр.