×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Қарағандыда сапасыз салынған үйдің тұрғындары әкімдікті сотқа берді

28.05.2022, 12:22
© 24.kz

Қарағандыда "Шапағат" тұрғын үйінің тұрғындары өміріне қауіп төніп тұр ма деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзінше, тоғыз қабатты үйдің төсемі құлай бастаған. Егер керамогранит өтіп бара жатқан адамға түссе, салдары қиын болуы мүмкін.  

"Бұл - адам өлтіретін үйлер. Білесіздер ме, күндіз сыртқа шығуға қорқамыз. Керамогранит құласа, күлкілі нәрсе емес, салдары қиын болады", - дейді тұрғын Меруерт Садуова.  

Тұрғындар сотқа жүгінген. Шенеуніктер ең алдымен керамогранитты жөндеп беретіндерін айтып отыр.  

Айта кетейік, "Шапағат" тұрғын үйі алты жыл бұрын пайдалануға берілген, құрылыс компаниясының кемшіліктерді жою бойынша ешқандай міндеттеме алмайды.