×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Көлеңкелі нарық, Қытайға виза, жаңа кезек: «Нұр Жолы» кеден бекетінде қандай өзгерістер болады

06.04.2023, 10:08
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жүк тасымалдаушылар ҚХР-мен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа, электрондық кезекті ұзақ күтуге тура келетініне көп уақыттан бері шағымданып келеді. Бас көлік прокуратурасы ахуалды шешу мақсатында құрылған ведомствоаралық топтың жұмыс нәтижелері жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері кірген.

Анықталғандай, шекара маңындағы дүрбелең «E-border» бағдарламасы жұмыс алгоритмінің жетіксіздігінен орын алған. Бағдарлама жеңіл және ауыл шаруашылығы автокөліктерінің, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін ҚХР-на шығуға иелерінің мақсаты болмаған автобустардың тіркеу деректерін пайдалану арқылы кезек орындарын «броньдауға» мүмкіндік берген.

“Мөлшерлемесі 40 мың АҚШ долларына дейін жеткен жүк тасымалдау бойынша «көлеңкелі қызмет көрсету нарығының» белсенділігімен бұл жағдай күрделене түсті. Жұмыс тобының ұсынысымен кезектен 2000 жуық автокөлік алынып тасталды, оның ішінде жеңіл, сондай-ақ бұрын есептен алынған не есепте тұрмағандары бар. «E-border» бойынша тізімді пайдалануды а.ж. 16 сәуірінен тоқтату туралы шешім қабылданды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Бас көлік прокуратурасы «CarGoRuqsat» жаңа электрондық кезек жүйесі енгізілетінін атап өтті. Ведомстводағылар барлық олқылықтар ескерілетініне сендіріп отыр.

“Сондай-ақ, өткізу пунктінің аумағында қалдырып кеткен 80-ге жуық ауыр жүк көліктері болды, олардың жүргізушілері тасымалдау қызметтерінің құнын жасанды түрде қымбаттату үшін қасақана ұзақ уақыт бойы ҚХР-на шығуды кешіктірді. Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында, Технологиялық схемаға түзетулер жобасы дайындалды, оған сәйкес жүк тасымалдаушылар бұдан былай өткізу пунктінің аумағында 72 сағаттан артық болмауы тиіс”, – деп түсіндірді прокуратурадағылар.

Сонымен қатар, ҚХР-на виза алудың қиындығына қатысты шағымдар болды. Жүргізушілердің көпшілігінде виза жоқ және тиісті визасы бар басқа жүргізушілермен белгіленген қаражатқа келісуге мәжбүр болуда.

“Бас көлік прокуратурасы Сыртқы істер министрлігіне виза алу тәртібі мен шарттарын кеңінен жариялауды, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы мәселе бойынша жүк тасымалдаушылармен көшпелі кездесулер өткізуді ұсынды. Одан бөлек, жүктерді тасымалдауға халықаралық рұқсат алуда қиындықтар болған. Бас көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсатты тікелей өткізу пунктінде беруді, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін артық талаптарды алып тастауды көздейтін ИИДМ мен МКК бірлескен бұйрыққа қол қойды”, – деп түсіндірді ведомство.

Серіктес жаңалықтары