×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Қазақстандық туристер шекараны заңсыз кесіп өткен

28.05.2022, 16:24
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы 6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасынан заңсыз өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2021 жылы шекара қызметі мемлекеттік шекарадан 6 заңсыз өту дерегін тіркеді. Адамдар туристік мақсатта Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына шыққан. Оған барар жолда мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барған. Көл географиялық жағынан Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

6 адамға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.