×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Қосшыда бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды

28.05.2022, 16:34
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Қосшы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Прокуратура шенеуніктің қамауға алынғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қосшы қаласында сыртқы электрмен жабдықтау нысандарын салу кезінде аса ірі көлемде – 222 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл факті прокурорлық тексеру кезінде белгілі болды.

"Қосшы қаласының құрылыс бөлімі атынан тапсырыс беруші тұрғын үй массивтеріне қызмет көрсетуге арналған трансформаторлық қосалқы стансаларды орнатпай, аталған жұмыстарды орындау туралы актілерге қол қойғаны анықталды. 222,2 миллион теңге негізсіз төленген", - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұл жұмыстар 2019 жылдан бері аяқталмағаны аталып өтті.

Арнайы прокурорлар осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (ірі көлемде жымқыру) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта сот санкциясымен тергеу органы Құрылыс бөлімінің басшысын қамауға алды.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Айта кетері, бюджет қаражатын жымқырғандар жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.