×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Оралда тұрғындар қантқа таласып жатыр

28.05.2022, 19:53
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Орал қаласында қантқа таласқан жұрттың видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбадан ондаған адамның кезек күтіп, кейін дүкендегі қант үшін бір-бірін итеріп жатқанын көруге болады.

Бұл видео Instagram әлеуметтік желісінде тараған.

Мынау — Орал қаласының Мөңкеұлы ауданындағы супермаркеттегі жағдай. Бұл күн сайын қайталанады. Қант бітіп қалды, не мынау? – дейді видеода.

"Халқым үшін ұят! Жабайылар! Сонша таласып не болды! Жетіскен екенбіз!" деген пікірлер жазылып жатыр.

Қант тапшылығына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап беріп те үлгерді. Олардың айтуынша, елдегі шекер қоры — шамамен 67 мың тонна.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы тұрақты екенін, бағаның қымбаттауына сауда желілер кінәлі екенін айтқан болатын.

 Сондай-ақ 23 мамырдан бастап ел аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салынды.