Футболдан Чемпиондар лигасының 2021/2022 маусымының финалы Францияның Сен-Дени қалашығындағы "Стад де Франс" стадионында өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Ливерпуль" — "Реал" командалары арасындағы Еуропадағы жылдың басты матчы жарты сағаттан астам уақытқа кешігіп басталды.
Есеп екінші таймда ашылды. Финал ойынындағы жалғыз голды 59-минутта "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор салды.
Осылайша, "Реал" Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша көшбасшылығын нығайтты. Бұл Мадридтің Еуропадағы ең беделді клубтық турнирдегі 14-ші трофейі.