Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында мектеп бітірушілері жолда жарысып, қозғалыс кезінде көліктің терезелерінен шығып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жол сақшылары 6 көліктің иесіне хаттама толтырған.
Бір қызығы, жастар өздерін ұстап берген. Яғни олар жолдағы әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған. Полицейлер желілерге мониторинг жүргізу барысында заңсыздықты анықтап, көлік иелерін іздеп тапқан.
“Жол-патрульдік полиция тобының қызметкерлері 6 көліктің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.