×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Өзбекстан билігі әйелдерге қатысты қылмыстардлың жазасын күшейтпек

06.04.2023, 19:37
Ашық дереккөз

Өзбекстан билігі әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың жазасын күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа заң бойынша отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық істер қатарына жатқызылатын болады. Бұл заң әйелдер мен балаларға қатысты болып жатқан түрлі зорлық-зомбылықтарға қатаң жазалар белгілеп, осындай жағымсыз оқиғалардың алдын алады.

Сексуалдық зорлық жасаған азаматтарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату немесе жеңіл жазамен алмастыру қолданылмайды. Керісінше, мұндай қылмыстар қатаңдатылады.

Зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстарды саралаудағы критерийлердің бірі - қылмыскердің зардап шегушісінің жасын білуі жойылды. Бұдан былай айыпталушы жәбірленушінің жасын білмеуі оны Қылмыстық кодексте қарастырылған жауапкершіліктен босатпайды.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерлердің балаларды тәрбиелеу, оқыту қызметімен айналысуына және олармен тікелей жұмыс істеуіне тыйым салынып отыр.

Сенат мақұлдаған заң Өзбекстан президенті қол қойған соң күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары