×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Әскерилердің зейнет жасы 5 жылға ұлғаяды

30.05.2022, 10:36
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс  министрлігінің Зейнетпен қамту орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин әскери қызмет туралы заңға енгізілетін өзгерістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Биыл әскери қызмет туралы заңға қызмет мерзімін бес жылға көбейту туралы норма мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты зейнет жасы да бес жылға өседі", – деді Қайыржан Бимолдин. 

 

Бұл әскери қызмет туралы заңда әскерилер үшін бекітілген шектік жасқа тікелей байланысты. Сонымен қатар әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен іске асырылып келген. 

2021 жылы әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағындағы қаржының 50% жеткіліктік шегіне қарамастан қолдану мүмкінлігі берілген еді. Егер әскери қызметкердің жинағында 3 миллион теңге болса, 1,5 миллион теңгесін қолдануға құқығы бар.