×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Көпқабатты үйге құлаған кран иесі айыппұлмен құтылды

30.05.2022, 11:31
видеодан алынған кадр

Астанада «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешеніне құлаған кранға қатысты тексеру аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетіне сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса, биыл 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмысы кезінде (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің 6-қабатындағы пәтердің терезесін сындырған еді. 

Оқыс оқиғаға байланысты «Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады.

Кран иесіне айыппұл салынды. Қауіпсіздік талабын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты.