×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Баланы қараусыз қалдырған ата-аналарды қандай жаза күтіп тұр?

30.05.2022, 12:32
фото: ашық дереккөзден

Баланы қауіпті жағдайда қараусыз қалдырып кеткен ата-аналар бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Баланы қауіпте қалдырып кеткені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 19-бабы бойынша жауапқа тарту қарастырылған. Өмірі мен денсаулық жағдайына қауіп төнген адамды көмексіз қасақана тастап кету жауапкершілікке тартудың негізгі алғы шарты екенін атап өткім келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, кінәлінің жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпін сезінуі керек”, - деді Жұманалин.

Оның сөзінше, жауапкершілік жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты болмақ. Қылмыстық кодексте айыппұл төлеу, түзеу жұмыстары түрінде жаза бар. Ал ауыр дене жарақатын келтірген жағдайда бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.