×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан аса ауыр қылмыс жасаған 300-ге тарта адамды іздестіріп жатыр

07.04.2023, 10:45
фото: ашық дереккөзден

Елімізде 284 адамға аса ауыр, 1553 адамға ауыр, 574 адамға орташа және онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері іздестіруге жарияланған 684 адамның 473-і ұсталды, бұл 70% құрайды.

“Ресей, АҚШ, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан бүгінгі таңда елге 95 азамат қайтарылды. Бұл қылмыстық қудалау органдарының үйлестірілген қызметі, іздестіру дерекқорларының күнделікті мониторингін ұйымдастыру және прокурорлық тексерулерді жүргізу, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде мүмкін болды”, – делінген ведомство хабарламасында,

Елімізде қылмыскерлерді ұстау үшін цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Бет-әлпетті танудың отандық алгоритмі жасалды, оның көмегімен 20-дан астам күдікті анықталды.

Сондай-ақ, прокурорлар 2022 жылдан бастап іздестіру жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін «электрондық іздестіру журналы» жүйесі іске асырылып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, сот үкімі шықпай тұрып елден қашып кеткен Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Ол «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеу мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. 

Сондай-ақ, «ТаразЭнерго» орталығының экс-басшысы Бақберген Мәуленов те іздестіріліп жатыр. Ол қазынаның 2 миллиард теңгесін қалтасына басқан деп күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары