×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Шымкентке бет алған ұшақ Алматыға мәжбүрлі қонды: 15 жолаушы үшін полиция келді

07.04.2023, 11:17
egemen.kz

«Ақтау – Шымкент» бағытындағы FlyArystan компаниясының ұшағы Шымкент әуежайындағы ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына байланысты Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуекомпанияның мәліметіне сенсек, ұшақ Алматыға қонған соң 15 жолаушы борттан шығудан бас тартқан.

Осыған байланысты FlyArystan өкілдері полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.

«Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуе компанияның кінәсінен болған жоқ. Әуе компанияның еш қатысы жоқтығына қарамастан, біз KС7578 Ақтау – Шымкент рейсінің жолаушыларына Алматыға ұшып келген кезде ыстық тамақ пен сусын бердік. Жолаушыларды түсіру кезінде 15 жолаушы әуе кемесінен түсуден бас тартты, осыған байланысты полиция шақыруға мәжбүр болдық», - деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары