×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Үнді үкіметі кінәлі: Әлемде қант бағасы шарықтайды

30.05.2022, 13:28
фото: ашық дереккөзден

Үндістанның қант экспортын шектеуі әлемде қант бағасының шарықтауына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 «Хабар 24» арнасының дерегінше, үнді үкіметі экспортты ішкі нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу үшін азайтқан. 

Жаһандағы ең ірі экспорттаушылардың бірі 6 жылдан бері алғаш рет сыртқы сатылымды кідіртіп отыр. Яғни қыркүйекке дейін мемлекет бар-жоғы 8 млн тоннасын сатуы тиіс еді. Алайда жасалған келісімдер қазірдің өзінде 7 миллионнан асқан. Демек алдағы үш айда экспорт тоқтайды.

Бұған дейін де әлемдегі қант құны соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткені айтылған еді. Ол кезде Бразилияның өндірісті азайтуы әсер еткені белгілі. 23 мамырдан бастап, Қазақстан аумағынан да 6 ай мерзімге қант пен шикі қантты алып шығуға тыйым салынды. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қант импортын 32 процентке төмендететінін мәлімдеді.